«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Иванковка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Иванковка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Базарлық (2-тоқсан.1-бөлім.) 35-сабақ

25.02.2021

Сабақтың тақырыбы

  Базарлық  (2-тоқсан.1-бөлім.)

35-сабақ

Дағды

Тыңдалым және айтылым, оқылым  

Оқыту мақсаттыры

Т.4.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру;

Т. 4.1.5.1 тыңдаған оқиға/әңгіме бөліктерінің жалғасын болжау;

А. 4.2.4.1 жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

Тілдік міндеттер

«Кімнен?» сұрағына сәйкесінше жауап бере білуге үйрету.  Ұлттық тағамдар атаулары айтылады. Ірімшік, қаймақ, құрт, бауырсақ, қамзол, табу.

Алдыңғы білім

Нағыз өнер-қолөнер

                                                                    Сабақтың барысы

С.кезең.і

 

                                 Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері

уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

     «Микрофон» әдісі арқылы алдыңғы білімге қатысты сұрақтар қойылады. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Алдымен  микрофонды мұғалім алып, өткен тақырыпқа қатысты бір сұрақ қояды. Жауап берген оқушы келесі оқушыға бір сұрақ қояды. Осылай ойын жалғасады. Бұл алдыңғы білімді жаңа біліммен ұштастыру мақсатында жүргізіледі.

 «Жаңа сөз үйрен» айдары оқушыларды  сабаққа қатысты жаңа сөздерді меңгерту мақсатында жүргізіледі.

Сөздік жұмыс:Ірімшік, қаймақ, құрт, бауырсақ, қамзол, табу.

1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру:

Бал қаймақ, дәмді бауырсақ, әдемі қамзол.

4. Сөйлемдер құрастыру.

Әжем бауырсақ пісірді. Менің әдемі қамзолым бар.

5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу. 

(Ұ) «Ассоциация» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын болжау.

1.Базарлық дегеніміз не?

Мұғалім ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет!»

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғ-Сынып

суреттер

Оқулық.

Сөйлемнің шаблондары, қима қағаздар

Негізгі бөлім

Оқулықта ұсынылған «Көрсет және айт» айдарымен берілгентапсырмадаоқушыларқазақтыңұлттықбұйымдарымен, ұлттық тағамдарымен танысады. Тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушылардан олардың атасы мен әжесінен қандай сыйлық алғандарын сұрайды. білетінін сұрайды. Тапсырмаоқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған. Оқушылар ұсынылғансуреттердіқарайды,суретмазмұнына сай сұрақтарғажауапбереді.Суреттегііс-әрекеттертуралынебілетіндерінсұрау.Оқушыларсұрақтарға жауапберубарысындабір-біріменөзаратәжірибесінбөліседі,пікірайтады.Суретжәне тірексөздернегізіндеоқиғажелісінсақтайотырып мазмұндайды. Күнделіктіөмірмен байланыстыра айтуларын сұрау.Оқушылар сурет арқылы өз білгендерін айтады.

Мысалы, мұғалім оқушыларға

  • Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?
  • Балалар кімнен сыйлық алып жатыр?
  • Атасы мен әжесі балаларға не сыйлады?

Осылайшаоқушылартірексөздердіқатыстыраотырып, сөйлем құрауды үйренеді.Оқушыларбұйымдардысипаттауда сабақбарысындаүйренгенжаңасөздердіқолдануларытиіс. Әр топ өз талдауларын ортаға шығып қорғайды.

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау (мұғалімнің бағалауы)

 

10 мин

жұптық жұмыс

Суреттер

оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Есте сақта!» айдарында оқушылар кестеде берілген тірек сөздерге шығыс септік жалғауларының дұрыс нұсқасын жалғап айтады.Оқушылардымәтінбойыншақосымшасұрақтар қоюарқылысептікжалғауларындұрысжалғапайтуға жаттықтыруға болады. Мәселен,

 

6-мин

Мұғалім-сынып

Кесте

Интербелсенді тақта

«Оқы» айдарымен берілген мәтінді оқып, оқушылар бос орынға қажетті қосымшаны қойып оқиды. Оқушылар алдымен мәтінді жеке оқиды, оны көршісімен салыстырып тексереді. Сынып болып үшінші мәрте тексереді.

Мұғалім ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет!

7 мин

Мұғалім - сынып

 

Оқулық

 

 «Оқы және жауап бер» айдарында ұсынылып отырған тапсырма ауызша орындалады. Тақтадағы ұяшықтарда  мәтін бойынша сұрақтар жазылып тұрады. Оқушылар осы сұрақтарға жауап беруі керек.

1-топ.

  • Кемел мен Нұрәлі қайдан келді?
  • Балалар сыйлық пен базарлықты кімнен алды?

2-топ.

  • Атасынан Нұрәлі не алды?
  • Әжесінен Кемел не алды?

3-топ.

  • Қоржыннан қандай тамақтар шығарылды?
  • Әкесі қымызды неден құйып ішті?

Оқушылар тарапына тапсырмаға кері байланыс беріледі.

 «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

 

6 мин

Топтық  жұмыс

 оқулық

Тақырыпқа қатысты суреттер, А3 парағы, түрлі түсті маркерлер

 

Мұғалім оқулықта ұсынылған «Сен білесің бе?» айдарында берілген «Базарлық» туралы ұғымның мағынасын түсіндіреді.

5 мин

Жеке ж.   Жұпт. ж.

           Сынып

 оқулық

Ұсынылғантапсырма оқыған әңгіменіңжалғасынболжапайтудағдысын қалыптастырады. Тапсырмажекежәнетоптықжұмысүшінлайықталған. Оқушылар алдыңғы оқыған мәтінге сүйеніп, «Бірлесіп оқу» стратегиясымен жұмыс істейді. Топтағы оқушылар бірлесе отырып «Ойланайық» айдарында берілген үлгідегі құраған сөйлемдерді пайдалана отырып, әрі қарай өрбітіп сөйлемді жалғастырып жазады. Оқушыларсабақбарысындаүйренгенжаңасөздердіқолдануларытиіс. Әр топ өз жұмыстарын ортаға шығып қорғайды.

 

Топтық жұмыс

 

«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар сөздерге септік жалғауларын жалғайды. Грамматиканы қолданыстық тұрғыда бекітуге берілген. Тапсырма жазбаша орындалады.

 

Жеке жұмыс

 

Рефлексия.   «Сабақтан алған әсерім» стратегиясы. Сабақты меңгерсе «Алма» ағашына алма-стикеріне, жақсы әсер алса «Бәйтерек» ағашына жапырақ-стикеріне, ал жағымсыз эмоцияда болса «Тікенек» ағашына төрт-бұрыш-стикеріне жазып, кері байланыс  қалдырады.

 

Алма ағашы      Бәйтерек          Тікенек

3 мин

 

Сынып-мұғалім

 

Оқушылардың тақырыпты  қаншалықты меңгергенін тексеру

    Мұғалімдер оқушылардың тақырыпты  қаншалықты  мегергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың  өн бойында  қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы  тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтар сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір -бірін  бағалаулары  болуы  керек. Кері байланыс жүргізудің маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  • Қазақтың ұлттық тағамдарын біледі.
  • Жаңа сөздерді меңгереді.
  • Септік жалғаулы сөздерді ауызша қолданады.
  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
  • Оқыған мәтіннің жалғасын болжап айтады.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу

Рефлексия

Сабақ  мақсаттары/оқу    мақсаттары қол жетімді болды  ма?

 

Бүгін  оқушылар нені  үйренді?

 

Оқыту  ортасы қандай   болды?

 

Мен өз   уақытымды  ұтымды  пайдалана  алдым ба?

 

Мен  жоспарыма   қандай  өзгерістер  енгіздім және   неліктен?

 

Просмотров: 938


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст